- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сәтбаевта анасымен сөзге...
Сәтбаевта анасымен сөзге келіспей қалған қыз терезеден секірмек болған
Фото:
polisia.kz
Сәтбаев қаласының полицейлері терезеден секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 мамыр полиция басқармасына қөпқабатты үйлердің бірінде жас қыздың терезеден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер терезенің жақтауында тұрған қызды көрген.
"Санаулы секундтарда қолайлы сәтті пайдаланып, қызды терезеден ішке тартып алдық", - делінген хабарламада.
Қыз бала медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл қадамға анасымен сөзге келіспей қалғандықтан барғанын айтқан. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова