Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атылған ақбөкендер қала аумағында орналасқан жеке үйдің гаражынан табылды.
"Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 тері мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина тәркіленді. 33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз