Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Антикор растады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. Ұлытау облысы әкімінің 2023 жылғы 20 қаңтарынан бері Сәтбаев қаласының әкімі.
Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2006 жылы "Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бас маманы болып бастаған. Қала әкімі болып тағайындалғанға дейін мемлекеттік мекемеде басшы болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз