Сәтбаев қаласында пәтерден өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға қаладағы екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған. Үйден шыққан жалын көрші пәтерлерді де шарпыған.
Өрт өршіген сайын Ұлытау облысы ТЖД-нен қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылып, өз беттерінше далаға жүгіріп шыққан тұрғындарға жылыну үшін арнайы техника жеткізілді.
Өрт сөндіру жұмыстары барысында өздігінен шыға алмаған 1958 және 1959 жылы туған екі қарт адам құтқарылды.
Өрт 96 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз