- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сәтбаев қаласында көлік...
Сәтбаев қаласында көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті
25 қазанда Жезқазған-Есіл-Петропавл тасжолында Сәтбаев қаласынан Жезқазғанға шыға берісте Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қала атауы жазылған бағанға соғылып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, жол апатынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған.
"Сәтбаев қаласынан Жезқазған қаласына шыға берісте, Меrcedes автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
Ұлытау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова