- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сасықбай, Малбағар, Бескемпір....
Сасықбай, Малбағар, Бескемпір. Қазақтар балаға неге жағымсыз есім қойған?
Қазақтар ежелден адамға есім қойғанда ерекше мән беріп, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр мен қалыптасқан әдет-ғұрыпты ұстанған. Есім қоюдың сырын ырымдар, саяси жағдай, сыртқы ерекшеліктер және т.б. себептермен байланыстырған. Ежелгі қазақтар балаларды жағымсыз есімдермен атаған. Tengri Life осыған қатысты тарихшы Салтанат Асановажан балаларға мұндай есімдердің неге қойылатыны туралы сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткен ғасырларда бала өлімі көп болғаны бәрімізге белгілі. Бұл жайт көптеген есімдердің пайда болуына себеп болды. Жиі өлім-жітім болған отбасы жаңа туған нәрестелердің рухын қабылдамайды деп жағымсыз есімдермен атаған.
Ұлттық статистика бюросының дерекқорына сәйкес, Қазақстанда жағымсыз есім қойылған бірнеше адам тұратыны анықталды.
Күшік – 1 адам;
Қойбағар (қойшы) – 10 адам немесе Койбагар – 70 адам;
Балта – 109 адам;
Түлкібай (қу) – 11 адам немесе Тулкибай – 76 адам;
Малбағар (қойшы) – 1 адам немесе Малгабар – 4 адам;
Тезек – 3 адам;
Шойын – 5 адам;
Қарақұл – 25 адам;
Сатылған (сатылды) – 40 адам;
Тезекбай – 30 адам;
Үшкемпір (үш кемпір) – 43 адам;
Бесқампір (бес кемпір) – 24 адам;
Өлмес (өлмейтін) - 32 адам;
Сабалақ (ит) – 1 адам;
Кедей (қайыршы) – 1 адам;
Сасықбай – 1 адам.
Тарихшының айтуынша, алғашында қазақтар құрсақтағы баласына ат қоюды жоспарлағанда қойған есімін жасырған. Жаман көзден немесе назардан аулақ болу үшін нәрестенің шын атын оған жақын адамдары ғана білген.
"Дәстүрлі мәдениетте әлем дұшандарға толы және қауіпті деп саналды. Сондықтан өмірде "елеусіз" болған жөн. Суретіңіз және есіміңізбен жоғары күштерге кедергі келтірмеу маңызды болды. Сондай-ақ, есімнің мағынасы қасиетті болғандықтан өз орталарынан өзге ешкімге айтпауды жөн көрді", – деді тарихшы.
Қазақтың азан шақырып қойған есімдерінің көпшілігі тұрмыстық заттар, табиғат құбылыстар, сыртқы белгілермен байланысты болған.
"Балаға ат қою ата-ананың құқығы болғанымен, оның белгілі бір тұрмыстық сипаты болды. Мысалы, ұл күткен отбасы, қыздарына міндетті түрде Ұлболсын, Ұлжан, Ұлтуған деп есім қойған. Жалпы есім тылсым күштермен байланыс түрі деп есептегендіктен, олар рухтарды тыныштандыру үшін ұқсас атауларды таңдады", - дейді Салтанат Асанова.
Жағымсыз есімдер тіл-көз тиюден қорғау қызметін атқарды. Мысалы, Қарақұл есімі рух иелеррі үшін әруақтарға елеусіз боп есептелген. Жаңа туған нәрестелер жиі өлім-жітімге ұшыраған кезде әруақтар үш немесе бес кемпірдің өмірін берсін деп Бескемпір, Үшкемпір есімдерін қойған. Кейбір балаларға "өлмейтін" мағынасын білдіретін Өлмес есімі қойылған.
"Есімдер баланың туған кездегі оқиғаларымен де байланысты болды. Мысалы, егер балалар жиі қайтыс болған отбасыда жаңа туған нәрестеге мазақ ететін есім беруге тырысқан. Сол есім арқылы жоғары күштердің назарын аудармайтынына сенімді болған. Сондықтан да қазақтарда жаңа туған нәрестелерге ұлы тұлғалардың есімін қоймаған", - дейді ол.
Жоғарыда атап өткендей, қазақтар балаларына ұлы хандардың, қолбасшылардың, жауынгерлердің есімдерін бермеуге тырысқан. Себебі тұлғаның есімі берілгенде кез келген нәресте энергияны көтере алмайды деп есептелді. Мәселен, баланың сәтсіздігін кесу үшін Балта, өлім болмасын деп Түлкібай деген есімдерді қойған.
Бір қызығы, Қазақстанда тіркелген Сабалақ есімі "сабалақ төбет" деген мағынаны білдіреді. Өзінің есімін Абылай хан көзі тірісінде-ақ осындай жеккөрінішті лақап атпен жасырынуға мәжбүр болған.
Тарихшының айтуынша, балаға есім таңдауда ерекшелікке ұмтылу – қазақтың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық әдет-ғұрпының бірі. Қазіргі таңда балабақшалар мен ойын алаңдарынан шетелдік есімдерді жиі ести бастадық.
"Қазақ тілінде есім қоюда қызмет атқаратын аттар өте көп. Әйел есімдері "ай" немесе "гүл" сөздерінен басталады. Ал заманауи есімдерді таңдау - ата-аналардың өз құқығы", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы