- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сарыағашта қызғаншақ күйеу...
Сарыағашта қызғаншақ күйеу әйелін жұмысқа темірден тоқылған ішкиіммен жіберген
Түркістан облысында күйеуі келіншегін жұмысқа темір ішкиім киіп баруға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Оtyrar.
Басылым мәліметінше, ер адам әйеліне әлімжеттік жасап, ұрып-соғып, темірден тоқылған ішкиім киюге мәжбүрлеген. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінде болған. Адамшошырлық жағдай туралы аудандық әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі бөлімінің басшысы Марат Тарақтиев айтты.
"Келіншегі түнгі ауысымға түскенде күйеуі темір ішкиім киіп баруға мәжбүрлеген. Кейін жұмыстан үйге келгенінде сол іш киімді өзі шешіп, адалдығына көз жеткізіп отырыпты", - дейді ол.
Сондай-ақ, Марат Тарақтиев өңірде мұндай жағдайлар жиі тіркелетінін айтады. Оның сөзінше, жыл басынан бері 74 әйел күйеуінен әлімжеттік көргенін айтып шағымданса, сол Жібек жолы ауылдық округінің өзінде 15 келіншек зорлық-зомбылық құрбаны болыпты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова