- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сарыағашта 9-сынып оқушысымен...
Сарыағашта 9-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалімге сот үкімі шықты
Сарыағаш ауданында мектепте өз оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен информатика пәнінің мұғалімі сотталды. Үкімді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24 жастағы мұғалімге 9-сынып оқып жүрген оқушысымен бір емес, бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылды. Ол Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі, 1- тармағымен (16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекет жасау) кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен педагогке екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.
Сот сотталушының кінәсін мойындап, жәбірленушінің кешірім беруі жазаны жеңілдететін мән-жай деп санаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған уақытта қыз 15-те болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова