Сары, қызыл, көк. Көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің қандай түрлері бар?

Жолда көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің түр-түрін көреміз. Стандартты түрден басқа, қара, көк, сары, жасыл түсті нөмірлер бар. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда кімдер қандай нөмірмен жүретінін анықтады.

Стандартты нөмір. 2012 жылы көлікке арналған нөмірлердің жаңа үлгісі шығарыла бастады. Принцип өзгеріссіз қалды - сол 3 сан және 3 (жеке тұлға) немесе 2 (заңды тұлға) әріп. Алайда маңызды айырмашылықтар да пайда болды: сол жақта Қазақстан туы мен KZ индексі, ал оң жақта, бөлек терезеде - екі цифрдан тұратын аймақ коды қосылды. Нөмірлердің қарпі де өзгерді - қазір ол халықаралық стильде.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Жоғары басшылық және олардың қызметтерінің көлігіне арналған нөмір. Бұл типтегі нөмірлер 2012 жылдың аяғынан бастап шығарыла бастады. Нөмірдің сол жағында ҚР Мемлекеттік Туы тұрады, оның астында "KZ" коды жазылған. Олар стандартты нөмірлерден ерекшеленеді. ҚР Президентінің автомобиль нөмірі өзгеріссіз қалды.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

ІІМ (полиция) нөмірі. 2015 жылдың соңында полиция мен ТЖМ автомобильдеріне жаңа үлгідегі нөмірлер беріле бастады. "Қара көк фон, ақ рәміздер" түс үйлесімі қайтарылды, сол жақтағы нөмірге мемлекеттік рәміздер қойылды, содан кейін төрт сан тұрады. Оң жақта бөлек терезеде екі таңбалы аймақ коды орналасқан.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Әскери автомобиль нөмірі. 2014 жылдың соңында жаңа әскери нөмірлер шығарыла бастады. Түс үйлесімі өзгеріссіз қалды, форматы - заңды тұлғалардың нөмірлері сияқты қалды, тек әріптер мен сандардың өлшемдері бірдей, ал тудың орнына жұлдызша қойылды. Әріп тіркесі: ҚМ - Қорғаныс министрлігі, MP - Military Police.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің автомобильдерінің нөмірі. 2015 жылы маусымда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің автомобильдеріне жаңа нөмірлік белгілер бекітілді. Мемлекеттік нөмірдің түсі - Шекара қызметі рәміздерінің негізгі түсі жасыл (шекара қызметінің Туы, эмблема, қалпақ) болғандықтан, жасыл болып таңдалды. Нөмірлік белгідегі жұлдызша - Шекара қызметінің ҚР әскерлеріне тиесілі екенін, ВЅ - Border Servicе, яғни ағылшын тілінен аударғанда "Шекара қызметі" деген мағынаны білдіреді.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Мотоциклге арналған нөмірлер. 2012 жылдың соңында мотоциклдерге жаңа нөмір форматы берілді. Нөмір төртбұрышты табақша пішінге ие, жоғарғы сол жақ бұрышта Қазақстан туы бейнеленген, ал астында "KZ" коды бар; төменгі сол жақ бұрышта жеке терезеде - өңірдің цифрлық коды бар. Жоғарғы қатарға екі сан, төменгі қатарға екі әріп қойылады.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Тіркеме нөмірлері. 2012 жылдың соңында тіркеме техникасына жаңа үлгідегі нөмірлік белгілер берілді. Нөмір төртбұрышты табақша пішінге ие, жоғарғы сол жақ бұрышта Қазақстан туы бейнеленген, оның астында "KZ" коды бар; төменгі сол жақ бұрышта жеке терезеде - өңірдің цифрлық коды бар. Жоғарғы қатарға үш әріп, төменгі қатарға екі сан қойылады. Нөмірдің бір қатарлы нұсқасы да бар.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Қазақстан бейрезиденттерінің нөмірлері. 2012 жылдың соңында резидент еместерге арналған жаңа нөмірлік белгілер енгізілді. Түс үйлесімі сары-қара. Нөмірдің сол жағында Қазақстанның Мемлекеттік Туы және "KZ" коды орналастырылған. 

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Дипломатиялық нөмір. 2012 жылы дипломатиялық нөмірлік белгілердің жаңа түрі әзірленді. Түс үйлесімі - қызыл және ақ. Нөмірдің сол жағында Қазақстанның Мемлекеттік Туы және "KZ" коды орналастырылған. Тудан кейін әріп пен үш сан ұсақ қаріппен, тағы үш сан үлкен қаріппен жазылды. Ұсақ сандар елдің кодын білдіреді. Оң жақ шетінен нөмірдің қолданылу күні көрсетілген стикер орналастырылған.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Құрметті консулдарға арналған нөмір. Нөмірдің түс үйлесімі қара және сары. Форматы: кодпен ҚР туы, HC әріп тіркесімі (Honorary Consul - Құрметті консул), төрт сан, стикер бар.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Ресми рәсімдерге қатысатын көліктерге арналған нөмір. Түс үйлесімі дипломатиялық нөмірлер сияқты, сол жақта Қазақстанның туы және "KZ" коды орналастырылған, тілімнің бүкіл ұзындығына "PROTOCOL" сөзі жазылады.

Фото: Massaget.kz / Нариман Рахимов

Еске салайық, бұған дейін көлікке арналған "әдемі" нөмірлер қанша тұратыны хабарланған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!