• 521.83
  • 490.7
  • 5.23

Сәрсенбі күні Петропавлда су болмайды

Сәрсенбі күні Петропавлда су болмайды
Фото: depositphotos.com

Петропавлда сәрсенбі, 29 қаңтар күні су өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайлы "Қызылжар су" кәсіпорны Instagram-парақшасында хабарлады.

"Петропавлда НС-1 бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта құру" жобасын іске асыру шеңберінде бекіту-реттеу арматурасы мен сорғы жабдығын бөлшектеу және монтаждау бойынша су жинау құрылыстарында жұмыстар жүргізуге байланысты 29 қаңтарда сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін сумен жабдықтау жүйесіндегі қысым сыни түрде төмендетілетін болады", - делінген компания хабарламасында.

Тұрғындарға алдын ала қажетті сумен қамтамасыз ету ұсынылды. Жұмыс аяқталғаннан кейін су қайта беріледі.

Сонымен қатар кәсіпорын жүйені сумен толтыру және желідегі қысымды тұрақтандыру үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескертті.

"Монтаждау ұйымы мен "Қызылжар су" ЖШС мамандары су беруді штаттық режимде мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деп сендірді компания.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова