Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы ораза ұстаған адам сәресіне ұйықтап қалса не істеуі керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сәресіне ұйықтап қалдыңыз, уақыты шығып кетіпті: кеше жасаған ниетіңізді бүгін қайтадан айтыңыз. Су ішудің қажеті жоқ. Уақыты кірсе жалғастыра бересіз. Егер уақыты кірмей, санаулы минуттар қалса ниетіңізді айтып, сумен бекітіп қойсаңыз болады. Көп адам сумен бекітіліп, сумен ашылады деп ойлайды екен. Жоқ, ораза уақытымен ашылып, уақытымен жабылады.
Сәресі тамақ ішпей, кешке дейін жүргеннен кейін адамның асқазаны тартылып қалып, сол кезде жұмсақтап тәтті нәрсе жеп немесе су ішу - денсаулыққа пайдалы", - дейді имам.
@didishka__11 Ұстаған Оразамыз қабыл болсын, дұға тілектеріміз орындалсын??????#нұрланимам #нұрланұстаз #имам #рамадан ♬ оригинальный звук - ?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!