- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сарбаздарға кредитін төлемеуге...
Сарбаздарға кредитін төлемеуге 2 ай уақыт берілмек
Отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздарға несиесін төлемеуге 2 ай уақыт беріледі. Бұл туралы сенатор Сергей Карплюк айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Сенат депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қарап, Мәжіліске қайтарған еді.
Сергей Карплюк аталған заңға енгізілген басты нормаларды түсіндірді. Оның айтуынша, әскерден келген сарбазға төлем қабілетін қалпына келтіруге 60 күн беріледі.
"Әріптестеріміздің пікірінше, біз қолданыстағы заң жобаларын жақсартатын түзетулерді ұсындық. Заңға мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін 60 күнді енгіздік. Оған сәйкес банктер, микроқаржы ұйымдары оларға (несиені төлесін деп) өз талабын қоймауы керек. Сарбаздың кредиттері бар дейік. Ол Конституцияға сәйкес, Отан алдындағы борышын өтеп, үйіне келді. Банк ұйымдары (несиені төлесін деп бірден талап қоймауы үшін) біз белгілі бір уақыт керек деп шештік. Үкімет қорытындысын берді. Осылайша, 60 күн әскери борышын өтеген жастарға жұмысқа орналасып, төлем қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді", - деді депутат Сенат кулуарында.
Бұған дейін қазақстандықтар несиені бірден ала алмауы мүмкін екенін хабарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен