Сарбаз Ербаянның ата-анасы оның қазіргі жағдайы туралы айтты

Сарбаз Ербаянның ата-анасы оның қазіргі жағдайы туралы айтты
Фото: коллаж

Сарбаз Ербаян Мұхтардың ата-анасы оның қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ата-анасының айтуынша, елден шығуға қажет құжаттар дайын.

"Ербаянның жағдайына байланысты төлқұжат пен жеке куәлігін ауыстыруға тура келген еді. Кездесу барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ербаянның ата-анасын шетелге апару, ұшу мәселелерінің шешілетініне сендірді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Ал ата-анасы Ербаянды шетелде ұшуға және емделуге дайындалу үшін Астанадағы клиникаға жатқызу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бей-жай қарамаған бәріңізге тағы да ризашылығымызды білдіреміз! Сіздер өте көпсіздер! Барлық хатты оқимыз, реакциялар мен кеңестеріңізді көреміз. Өкінішке қарай, әрқайсыңызға жауап беруге мүмкіндік жоқ", - делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін Ербаянның әкесі өз шындығын айтқан еді

Әскерге қызмет етуге барып, мүгедек болып қалған Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты тергеу ісінде бірде-бір күдікті жоқ. Бұл туралы 17 қыркүйек,  Астана қаласында Ербаянның ата-анасы мен адвокаты Инга Иманбай БАҚ өкілдерімен болған кездесуде мәлім етті.

Жиында Ербаянның денсаулығында нендей өзгерістер бар, қазіргі таңда тергеу амалдары қалай жүріп жатыр, отбасы қандай қолдауға мұқтаж екені туралы айтылды.

Әскерге өз еркімен барған

Ербаян Мұхтарұлы Астана маңындағы Қосшы қаласының тұрғыны, 22 жаста. Отбасының тұңғышы, өзінен кейін үш бауыры бар. Алматыдағы 5571 әскери бөлімшесіне Отан алдында борышын өтеуге  өзі сұранып барған. Әскери бөлімнің мәліметінше, түнгі сағат 2 шамасында әжетханаға шыққан сарбаз өзі құлап, басын кафельге ұрып алған.

Толығырақ МЫНА СІЛТЕМЕДЕ

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина