Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге кетті

Әскерде жүріп жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы адвокат Инга Иманбай хабарлады. 

"Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі.

Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса, үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз", – деп жазды адвокат. 

Еске салайық, бұған дейін алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы Мұхтар Ербаян үш күннен кейін Германиядағы клиникалардың біріне ем алуға аттанатыны хабарланған болатын. 

17 қыркүйек күні Ербаянның ата-анасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қабылдауында болды.  Сарбаздың адвокаты Инга Иманбай БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Ербаянның жарақатын әскердегі әлімжеттікке байланысты деп мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!