Сарбаз Ербаян Мұхтар қай елде емделетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ербаянды Германияға санавиациямен жеткізуге дайындау үшін ата-анасы дүйсенбі, 23 қыркүйектен бастап Астанадағы нейрохирургия орталығына жатқызуға келісті.
"Туғандары онымен бір палатада болады. Себебі дәрігерлер үй жағдайында ұзақ жолға дайындау мүмкін емес екенін айтады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың өзі емін жеке бақылауына алып, қауіпсіздігіне кепілдік берді.
Министрдің өзі уәде беріп тұрғанда Ербаянға ешкім ол жерде қиянат жасауға батпайды деп үміттенеміз. Десек те, Ербаянның қазір жағдайы жақсы, тұрақты екенін ескертеміз. Оның аман-есен жолға дайындалып, емін Германияда жалғастыруын күтеміз", – дейді Ербаянның жақындары.
Олар Ербаянның тілеуін тілеп отырған қазақстандықтарға ата-анасының атынан алғыс білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз