Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында екі жасөспірім өлі табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қайғылы оқиға Қордай ауданында болған. Желідегі мәліметке сүйенсек, жасөспірімдердің мәйіті сарайдан табылған.
"Қордай ауданындағы өз-өзіне қол жұмсау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!