Қазақстанда халықаралық энергия ұйымы құрылуы мүмкін. Бұл туралы ЭКСПО көрмесі аясында өткен «Болашақтың энергиясы» форумының 12-сессиясында Тұрақты даму бойынша бүкіләлемдік форум президенті Раджендра Пачаури айтты, - деп хабарлайды Vlast.kz.
«Бұл ұйым Қазақстанды тұрақты энергияға жетелеп қана қоймайды, жаңа энергияға өтуіне мүмкіндік беретін басқа ұйымдармен қарым-қатынас жасауына жағдай жасайды», - деп атап өтті Пачаури.
Оның араб әріптесі институт ректоры Масдар Бехжат аль-Юсуф та өз пікірін білдіріп, аталған ұйымды Қазақстанда құру ұсынысы өте маңызды екенін айтты. «Энергия бойынша әлемдік ұйым құру идеясы өте жақсы ұсыныс және оны қолдасақ болашақта осының арқасында пайдаланылатын газды азайтуға, жастардың басын біріктіріп оларды мемлекетке альтернативті дереккөздерге қолдау жасатуға болады. Аталған ұйым Орта Азия мен бүкіл әлемді жалғайтын желі болуы керек», - деп түйіндеді спикер.
Сөз сөйлегендердің айтуынша, «Болашақтың энергиясы» көрмесіне тақырып таңдай отырып, Қазақстан көрегендігін танытып, аталған саланың көшбасшысы атануына ниетті екенін білдірді.
Айта кетейік, кеше Астанада «Болашақтың энергиясы» форумының 12 конференциядан тұрған «Болашақ перспективалары» атты соңғы сессиясы өтті. Үш айдың ішінде оған 500 халықаралық сарапшы қатысты. Форум қорытындысы бойынша соңғы құжат болып «ЭКСПО-2017-нің қағидалары мен құндылықтары манифесі» «Астана ЭКСПО-2017» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ұсынылды. Сарапшылар талқылауынан кейін Манифест Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың назарына ұсынылатын болады.