Сарапшы сатуға тыйым салынған 5 үйдің түрін айтты

2024 жылдың қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу, сату бойынша сәтті мәмілелер саны 31 713-ті құраған. Бұл өткен жылғы статистикаға қарағанда 30,5 пайызға жоғары. "Дегенмен, үйді сәтті сату үшін біршама фактілерге назар аудару керек" , -  дейді ипотекалық брокер Дариға Өскенбаева. Ол қандай фактілер? Massaget.kz тілшісі баяндасын.

Ипотекалық брокер: Дариға Өскенбаева

Жаз мезгілі ел - жұрттың еңбек демалысының ақысын алып, ойда жүрген арман - мақсатын іске асыратын уақыты. Осы аралықта тұрғылықты жерді ауыстырсам деп ниеттеніп, үйін сатылымға қойғандар да, алам деушілер де артады. Бірақ, кейбір тұрғын үйлерді сатуға мүлде болмайды. Ипотекалық брокер Дариға Өскенбаева сатуға тыйым салынған 5 үйдің түрін айтты.

1. Тиым салынған мүлік

Мүлікке тиым салу себептері әртүрлі болады. Тыйым қарыз міндеттемелеріне қатысты сот шешімі бойынша, некені бұзу кезінде мүлікті бөлу немесе басқа да құқықтық дауларға байланысты белгіленуі мүмкін.

Тыйым салынған мүлікпен тыйым жойылғанша, ешқандай мәміле жасай алмайсыз. Пәтерден тыйымды алып тастау үшін сізге мәселені шешу керек. Мысалы, қарыздарды өтеу немесе сот шешімін күту керек" , - дейді Дариға Өскенбаева.

Маман мүлікке тыйымды ипоткелық кепілмен шатастырмауды ескертті. Өйткені ипоткелық кепілде тұрған үйді  банк келісімімен сатуға болады. 

2. Жекешелендірілмеген пәтер

Мұндай пәтерлер мемлекеттің немесе муниципалитеттің меншігінде және азаматтарға әлеуметтік жалдау шарты бойынша беріледі.

Ипотекалық брокер: Дариға Өскенбаева

"Мемлекеттік пәтерлердің меншік құқығын және оны сату мүмкіндігін алу үшін тұрғындар заңмен рұқсат етілген жағдайда жекешелендіру рәсімінен өтуі керек. ", - дейді Дариға Өскенбаева.

Осы тұста тегін жекешелендіру азаматтардың жекелеген санаттары үшін ғана мүмкін, қалғандары қалдық құны бойынша мүлікті сатып алуы керек.

3. Қызметтік пәтер

Қызметтік тұрғын үй белгілі бір ұйымдардың қызметкерлеріне жұмыс уақытында уақытша тұру үшін беріледі. Ол "жұмыс берушінің" меншігі болып табылады.

depositphotos.com

Мұндай пәтерді сату мүмкін емес, өйткені ол қызметкердің жеке меншігі емес. Еңбек қатынастарының тоқтатылуымен  ол үй меншік иесіне қайтырылады" , - дейді Дариға Өскенбаева.

Онымен қоса, егер үй шекара заставалары және басқа да жабық объектілердің, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың немесе әскери қалашықтардың аумағында орналасса, оны сату мүмкін болмайтынын есте сақтау керек.

4. Бірнеше меншік иесі бар пәтер

Бірнеше меншік иесі бар пәтерлерге ерлі-зайыптылардың  неке кезінде сатып алған пәтерлері, ағайындыларға ата-анасынан қалған пәтер мұрасы және барлығына тең үлеспен берілген жылжымайтын мүлік жатады.

"Егер пәтер бірнеше меншік иелеріне (үлескерлерге) тиесілі болса, оны сату үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет. Үлестік меншік сонымен бірге үлесті сату кезінде ортақ меншік иелерінің бірі оны үшінші тұлғаларға сатпас бұрын өз үлесін басқа меншік иелеріне ұсынуы керек екенін білдіреді" , - дейді Дариға Өскенбаева.

 5. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй

Жалға берудің екі түрі бар: сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз. Сатып алу құқығымен, жалға алушы пайызсыз ай сайынғы төлем жасап, уақыты келгенде толық сатып ала алады. Пәтерді өз меншігіне өткізген тұлға әрі қарайғы мәмілелерді өзі жүргізеді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді сату мүмкін емес дейді маман.

depositphotos.com

"Жалға алушы пәтерді жалдау шарты негізінде пайдалануға құқылы, бірақ оны сатып алуға немесе сатуға құқығы жоқ. Мұндай пәтерлер жалға берушінің меншігі болып қалады, ал жалға алушы олармен ешқандай сауда операцияларын жүргізе алмайды", - дейді Дариға Өскенбаева.

Жылжымайтын мүліктің бұл санаттарының сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру әрекеті кезінде ескеру қажет өзіндік ерекшеліктері мен шектеулері бар екен.

Сондықтан жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату кезінде құжаттарды мұқият тексеріп, барлық заңды рәсімдерді сақтау маңызды. Осы ережелерді сақтау құқықтық проблемаларды болдырмауға және сатып алу, сату қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі дейді маман.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!