Сарапшы санатын алу үшін қандай ұстаздар тест тапсырмайды?

 Сарапшы санатын алу үшін қандай ұстаздар тест тапсырмайды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мұғалімдер арасында сарапшы санатын алуға қатысты тағы дау шығып жатыр. Еңбек өтілі 40 жылдан асқан педагогтың айтуынша, мектеп әкімшілігі сарапшы санатын алу үшін тест тапсыруға міндеттеп жатыр. Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 54-тармағына сәйкес 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтардың біліктілік санатын растауда тест тапсыру талап етілмейді.

"Бұған байланысты педагог-сарапшы біліктілік санаты бар педагог тестілеуден өтпейді, ал біліктілік санатты алу кезінде міндетті түрде тестілеуден өту керегін хабарлаймыз", – делінген жауапта. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек