- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сарапшы онлайн-оқуда баланың...
Сарапшы онлайн-оқуда баланың ынтасын қалай арттыру керегін түсіндіреді
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология докторы, эмоционалдық интеллект дамуы жөніндегі сарапшы Виктория Шиманская баланы қашықтан оқу барысында ынтасын арттыру жолдарын түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 20 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Онлайн-оқуда баланың ынтасын қалай арттыру керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Ресейлік сарапшы Виктория Шиманская - бірнеше кітаптың авторы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты және Мәскеу психоанализ институтында ұстаз, сондай-ақ soft skills - SKILLFOLIO жобасының авторы.
Жүргізуші - журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.