Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші айқаста таңғалдыруы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN арнасының латынамерикалық журналиcі Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді.
"Тым көп адам "Канело" жеңетініне сенімді. Өткен жолы фаворит Головкин болған, бірақ, жекпе-жек оның пайдасына аяқталмады. Қазір жағдай басқаша. GGG жеңетініне ешкім сенбейді. Ол ұзаққа бармайтындай көреді.
Алайда Головкин әлі де мықты боксшы. Сондықтан жеңімпазды атау өте қиын. Бұл шытырман айқас болады", - дейді Барбоза.