Теңгені еркін айналымға жіберу арқылы отандық өнімді сыртқы нарыққа сатушылардың табысын ұлғайтуға болады.
Олар өнімдерін басқа елдің валютасымен өткізіп, содан түскен түсімді төл теңгемізге айналдырғанда экономикалық ахуалын арттырады. Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков тілшімізге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. «Ал кәсіпорындар мен қаржы институттарының арасындағы тұрақты ақша айналымы жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - дейді ол.
ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты директоры Сұлтан Әкімбеков: "Теңгенің еркін айналымға жіберілуі отандық өнім өндірушілерге жайлы жағдай жасайтын болды. Себебі Кедендік одақтағы елдер де бұл істі бұрынырақ орындаған еді. Соның әсерінен арзан тауарлар шетелден ағылып келді. Ендігі жағдай мүлдем өзгеше болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктеріміз үшін де ахуал жақсарады. Сыртқы нарыққа сатылған тауар түсімін теңгеге айналдырып, еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады",- дейді.
Дереккөз: 24.kz