Қарағанды облысының полицейлері Саран қаласында танкке Z белгісін жазып кеткен ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Жазудың авторы 54 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"Шешім қабылдау үшін материал сотқа жөнелтіледі", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсақ бұзақылық жасаған адамға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Саран қаласында белгісіз біреулер танкке "Z" белгісін жазып кеткені туралы жазылған. Танк ежелден келе жатқан ескерткіш және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған мемориалдың жанына қойылған.