Саранда сатушы әйелді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Саранда сатушы әйелді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды
Фото: Видео кадры/instagram.com/shock_news_kz

Қарағанды ​​облысының Саран қаласында полицейлер дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 қаңтарда бейтаныс біреу азық-түлік дүкенінің сатушысын пышақтап кеткен еді. Әйел көз жұмды.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның азық-түлік дүкеніне пышақпен кіргенін көруге болады. Бүгін, 23 қаңтарда күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 27 жастағы Саран тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес