Саран әкімі жылу беру маусымында жіберген олқылықтары үшін қызметінен босатылды

Саран әкімі Еркін Баулықов жылу беру маусымының басталуында жіберген олқылықтары үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін қызметінен босатылды", - деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Ол бұл қызметті бір жылдан астам ғана уақыт атқарды.

Қазан айының ортасында құрылысы 10 жылға созылып, биыл салынып біткен жаңа орталық қазандықтағы ақауларға байланысты Сарандағы 168 үй жылусыз қалған еді.

Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!