Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова жұбайы өзінен алты жас үлкенін екенін айтты. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өнер жолындағы адамды алды ма, ол - үлкен жауапкершілік. Жолдасым екеуміз үйленгенде, жолдасым 28-де, мен 22-де. Ақылы толысқан, кемелденген уақыт қой. Сондықтан жарқырап жүруіме, кез келген сахнада тайсалмай шығуыма күйеуімнің орны ерекше", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!