Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева Алматыдағы ауруханасында жан тапсырды деген ақпарат жалған. Аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Тұңғыш Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"БАҚ-тан келіп түскен көптеген сұрауларға жауап ретінде мәлімдеймін: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп жазды Үкібай X әлеуметтік желісінде.

Желіде тараған ақпараттар Президент іс басқармасы ауруханасының дәрігерлері оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажырату туралы шешім қабылдады делінген еді. Алайда Tengrinews.kz дереккөздері Сары Назарбаеваның қайтыс болғаны жөніндегі мәліметті растаған жоқ.

Айта кетейік, 5 мамырда Сара Назарбаева ауыр хәлде жатқаны белгілі болды. 

 
"Барлық медициналық іс-шара медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жасалып жатыр", - деп жазылған хабарламада.


Медициналық мекеме әкімшілігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес науқастың диагнозына, денсаулығына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия ретіндегі ақпаратқа жатады. Мұндай дерекке тек науқастың келісімімен немесе заңда көзделген өзге де негіздер арқылы қол жеткізуге болады.

Сара Назарбаева туралы не белгілі?

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. Өз тегі - Қонақаева.

1962 жылы Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Араға бір жыл салып Дариға есімді қызды дүниеге әкелді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаева дүниеге келді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сара Алпысқызы қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. 1992 жылы "Бөбек" қорын ашты. Кейін "SOS Киндердорф" балалар ауылын ашқан.

"SOS Киндердорф" халықаралық қорының алтын медалімен, ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және Қазақстанның бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған. Сондай-ақ, бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесі және "Құрманжан Датқа" мен Unity халықаралық жүлдесіне ие болған. 

Еске салайық, бұған дейін Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейінірек тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет
Logotype Massaget