Саңырауқұлақ теруге шыққан әйел жоғалып кеткен

Фото: видеодан кадр

Жамбыл облысы Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел таулы жерде жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел саңырауқұлақ теруге шыққан.

"ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, оны 4 сағаттан кейін тапты. Саңырауқұлақ терушіге медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

ҚР ТЖМ азаматтарды бейтаныс жерлерде саңырауқұлақ теруге шықпауға шақырады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова