- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Санкт-Петербургтегі автобус апаты:...
Санкт-Петербургтегі автобус апаты: қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар
Санкт-Петербургтегі автобус апатында қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fontanka.ru сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қаланың ортасында болған: жолаушылар отырған автобус бірнеше автокөлікке соғылып, көпірдің қоршауын қиратып, Мойка көліне түсіп кеткен.
Алдын ала болжам бойынша автобустың жеті жолаушысы қаза тапқан.
Оның ішінде 28 жастағы Марина Ю. - Көкшетау тумасы бар. Ол Петербургте тұрған әйел адам табиғи косметикамен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізетін.
Еске салайық, 10 мамырда Ресейде Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус жеңіл көліктермен соқтығысып, салдарынан автобус су астына кеткен болатын.
Тәртіп сақшыларының алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай кезінде көліктің ішінде 20-ға жуық адам болған.
Ресейлік БАҚ-та жариялаған видеоға қарағанда, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көліктермен соқтығысып, көпірден Мойка өзеніне құлаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина