- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Санкт-Петербургте жасаттым". Әлішер...
"Санкт-Петербургте жасаттым". Әлішер Каримов бет-әлпетіндегі өзгеріске қатысты шындығын айтты
Әнші Әлішер Каримов бетіне ота жасатуға қатысты шындығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Асхат Садырбай Media youtube-арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, көзінің үстін кескен.
Пластикалық ота жасамадым. Көзімнің үстін кестім. Менен кейін бәрі кесе бастады. Сахнада жүргеннен кейін әдемі болып жүру керек. Қабағым түсіп кетті. Қашан ұйқыдан тұрсам да шаршаған бетімді көретінмін. Санкт-Петербургке бардым да, 40 минуттың ішінде жасаттым. Бетіме, жағыма, мұрныма укол саламын. 40-қа келемін ғой енді. Оны жасырмаймын, бұл қалыпты жағдай. Косметологқа барып тұрамын. Бұл маған ұнайды, сонда барғанда демаламын. Сахнада жақсы көріну үшін өзіңе күтім жасау керексің", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы