Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауов алтынға таласады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Астана уақытымен сағат 18:00-де басталатын додада бірінші болып Санжар (48 келі) рингке шығады.
Оның қарсыласы - грузиялық Сахил Алахвердоби.
Әлемдік додада финалда үш қазақстандық боксшы өзбекстандықтармен бас жүлдені сарапқа салады. Соның біріншісі Дулат Бекбауов пен Асадхуджа Муйдинхуджиев арасында өтпек.
Ертең, 14 мамыр күні сағат 18.00-де басталатын финалда Махмұд Сабырхан (54 кг) Ойбек Джураевпен, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады. 80 келіге дейінгі салмақта аса қызықты жекпе-жек болғалы тұр. Нұрбек Оралбай Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.
Екі күнде барлығы 13 салмақта чемпиондар анықталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!