- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Санжар Тәшкенбай бокстан...
Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
19 жастағы қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Жапонияның бес дүркін чемпионы Кадзума Аратакемен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, бірауыздан жеңіске жетті.
"Аллаға шүкір, бүгін ойдағыдай жеңіске жеттік. Жартылай финалға шықтық. Қарсыласыммен екінші рет шығып отырмын. Тренерімізбен тактика құрдық, бәрі орындалды. Қолдауларыңызға рақмет! Қолдауды сезініп жатырмын. Мұнымен тоқтамаймыз. 1-орын алу керек", - деді боксшы жекпе-жектен кейін
Осылайша, Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, енді ол кем дегенде "қола" медальді алады. Бұл Қазақстанның турнирдегі үшінші медалі: бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) да жартылай финалға шыққан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан