Алматыда Санжар Боқаевқа үкім шықты. Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Massaget.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
27 қарашада Алматының Алмалы аудандық соты Санжар Боқаевтың ісі бойынша үкімді жариялады.
Сотталушылар қатарында үш адам болды:
Іс 42 миллион теңгеден аса қаражатты жымқыру, гранит плиталарды ұрлау, ағаштарды кесу және Алматыны абаттандыруға қатысты бейнероликтерді жариялаумен байланысты.
Сот Санжар Боқаевты мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:
Сот оған түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Боқаев жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бұған дейін прокурор оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Мадияр Қалменовті – Боқаевтың жиенін сот мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:
Ол түпкілікті 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Мобилограф Ұлан Нүсіпқожаны сот мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:
Сот оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Іс эпизодтарының бірі Боқаевтың "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясындағы жұмысына қатысты болды.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2018 жылы Боқаев пен Қалменов газбен жүретін техниканың халықаралық автошеруін ұйымдастыруға жұмсалған шығынды асыра көрсетіп, 42 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырған. Айыптау тарапы бұл ақша кейін Астанада жиһаз өндірісін ашуға жұмсалғанын атап өтті.
Басқа эпизодтар Алматыны абаттандыру мәселелеріне қатысты.
Тергеу Боқаев пен Нүсіпқожа Үлкен Алматы өзені жағалауынан гранит плиталарды шығарып алуды, сондай-ақ Баум тоғайында 16 ағашты кесуді ұйымдастырған деп есептейді.
Айыптау нұсқасына сәйкес, осыдан кейін блогер бейнероликтер жариялап, болған жағдайды мердігерлер мен қала билігі тарапынан жасалған заңбұзушылық ретінде көрсеткен.
Боқаев тағылған айыптарды жоққа шығарды. Қорғау тарапы тергеу барысында заңбұзушылықтарға жол берілгенін айтып, соттан блогерді толықтай ақтауды сұрады. Айта кетсек, мобилограф Ұлан Нүсіпқожа бұған дейін сотта кінәсін мойындаған.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 18 наурызда Алматыда Санжар Боқаев ұсталды. Бас прокуратура ол ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды және құрылыс нысандарынан мүлік жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Бұдан соң Боқаев сот санкциясымен қамауға алынды. Бастапқыда тергеу екі бап – алаяқтық және ағаштарды заңсыз кесу бойынша жүргізілгені хабарланған. Кейін айыптаулар тізімі кеңейтілді.
Сәуірде Сенатта өткен брифингте бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Боқаевқа тағылған айыптардың бірі оның ұлттық компаниядағы жұмысына қатысты екенін айтты.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, Санжар Боқаев 2015-2018 жылдар аралығында "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Сот процесі 2026 жылғы 16 қазанда басталды.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы тамызда Алматыда қаланы абаттандыруға қатысты дау шықты. Санжар Боқаев әлеуметтік желіде бейнеролик жариялап, Уәлиханов көшесіндегі бульварда бүтін әрі жаңа көрінген тас төсемдер алынып, Қаскелеңдегі жеке үйге тасылғанын айтты.
Сол кезде Медеу ауданының әкімдігі мердігер ұйымның өтініші бойынша және тапсырыс берушінің келісімімен шамамен 90 шаршы метр тас төсем мұқтаж отбасына берілгенін түсіндірді.
Кейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Уәлиханов бульварындағы тас төсемдерді бөлшектеу кезіндегі әрекетсіздігі үшін аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялады, сол кезде қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.
Бұдан бөлек сол жылдың қыркүйегінде Боқаев Үлкен Алматы жағалауынан белгісіз бағытқа гранит плиталардың әкетіліп жатқаны түсірілген видео жариялады. Осыдан кейін Алматы әкімі "Павлодар өзен порты" АҚ-ның Үлкен Алматы өзені арнасын реконструкциялау және іргелес аумақты абаттандыру кезіндегі жұмыс сапасын тексеруді тапсырды. Жоба тапсырыс берушісі ретінде экология басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. Сондай-ақ полиция департаментіне жағалаудан гранит плиталарды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істің тергелу барысы туралы баяндау тапсырылды.
2025 жылғы қазанда Боқаев Алматы билігінің Баум тоғайындағы 11 мың ағашты кесу жоспарына қарсы шықты. Бұдан кейін сол кезде Алматы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Ильзат Акчурин Баум тоғайын абаттандыру кезінде ағаштар кесілмейтінтінін мәлімдеді.
Кейін тоғайда ағаштар заңсыз кесілгені белгілі болды: екі ағаш құлатылған, тағы 11-і кесілген. Жұмыс түн ортасында жүргізілген. Алматының экология және қоршаған орта басқармасына қарасты "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі оқиға орнынан екі қол ара мен бір бензин арасы табылғанын хабарлады. Кезекші инспектор табиғат қорғау полициясына арыз түсірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз