Бүгін Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.
Айта кетейік, Бас прокуратура мәліметінше, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кескені және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлағаны туралы видео жариялады деген күдікке ілінген.
"Тергеу дерегіне сәйкес Санжар Боқаев осы қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова