Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Әскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Санжар Әділов ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған.
1999-2009 жылдар аралығында Алматы қаласы ІІД, Әуезов және Бостандық аудандарының ІІБ тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығының орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2009-2012 жылдары - Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының басшысы.
2012-2013 жылдары - ІІМ Тергеу комитетінің әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары, кейін басқарма бастығы.
2013-2018 жылдары - Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары.
2018-2023 жылдары - ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.
2023 жылғы 12 мамырдан бастап - Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы.
2024 жылдың наурыз айында Қарағандыдағы ІІМ Академиясының жаңа басшысы болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!