Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлағандай, Жылыой ауданында талдама жасауға су сынамалары алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешеваның айтуынша, су құбырынан үш химиялық және үш микробиологиялық зерттеулер үшін сынама алынды. Бөтелкедегі судың сынама екі микробиологиялық және химиялық зерттеу үшін алынды. Қазір талдама жүргізіліп жатыр.
"Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары суды пайдаланбастан бұрын оны тұндырып, қайнату қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсінік берді. Сондай-ақ, бөтелкедегі суды пайдалану керек. Тұтастай алғанда, барлық елді мекендердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қалыпты, бақылауда тұр, - деп атап өтті Әлия Бекешева. – Медициналық көмек көрсету ұйымдастырылған".
Оперативті штаб
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!