Алматыда AlmaU-дың қонақжайлылық және туризм мектебі өз жұмысын жалғастырып келеді. Жаңа оқу жылына құжаттар қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
Біз AlmaU-дың оқытудағы барлық артықшылықтарын ұсына алатынымызға қуаныштымын. Бірінші кезекте бұл дуальды оқыту тәжірибесі – 2 курстан бастап студенттер серіктестердің базасында білімін шыңдай алады. Бұл, әсіресе мейрамхана ісі, қонақ үй бизнесі, аспаздық секілді қызмет көрсету мамандықтарына қатысты. Осы арқылы студенттер халықаралық дәрежедегі қонақ үйлер мен танымал мейрамханаларда тәжірибеден өте алады. Екіншіден, бұл екі және үш дипломдық бағдарламалар. AlmaU QS рейтингі бойынша үздік ондықтағы университеттермен серіктестік байланыста, осы арқылы студенттер ағылшын тілін меңгергені нәтижесінде оларда да оқи алады, - дейді AlmaU-дың қонақжайлылық және туризм мектебі деканы Азамат Әуезханұлы.
AlmaU-дың қонақжайлылық және туризм мектебі түлектері – бұл диплом қорғағаннан кейін бірден ісіне кірісіп кете алатын дайын мамандар. Осының нәтижесінде оқу орны "Атамекен" ҰКП рейтингінде бірінші орында тұр. Бітірушілердің 75 пайызы 3 ай көлемінде өндірісте жұмысқа орналасып үлгереді. Егер бұған жеке кәсібін ашқан немесе отбасылық бизнес бастағандарды қосар болсаң, бұл көрсеткіш 82 пайызға артады.
Оқу орнын 2022 жылы бітірген Сағи Сагенов мектеп кезінен мейрамхана ісімен, оның ішінде асханада аспаз болуды қалаған. "Жұмысты жылдам табасың. Қазір "Афиша" мейрамханасында аспазбын. Университеттегі білім мен тәжірибе жинауым жеке ісімді ашуға сеп боларына сенімдімін", - дейді ол.
AlmaU-дың қонақжайлылық және туризм мектебіне ҰБТ-да география және ағылшын тілін таңдағандар түсе алады. Ақылы бөлімге түсу үшін 50 баллдан, грантқа таласу үшін 100 баллдан жоғары жинаған абзал. Грант алу үшін конкурсқа жалпы негізде қатысу керек – әр мамандыққа 300-350 орын бөлінген, бұл талапкерлерге өте жақсы мүмкіндік береді. Сонымен қатар, AlmaU шетелдік серіктестермен кең ауқымды байланыс нәтижесінде студент алты айлық оқудан кейін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтініш бере алады.
2021 жылы AlmaU-дың қонақжайлылық және туризм мектебі әлемдік деңгейдегі BGA аккредитациясына ие болды. Мұнда елімізде алғаш рет Beverage and Wine Studies, Culinary Theory and Practical, Rooms Division Management курстары өтті, сондай-ақ екі-үш дипломдық 3 бағдарлама енгізілді.
8 727 313 30 90, 8 727 313 30 93 нөмірлеріне хабарласып, оқу жайлы кеңес алуға болады.
Жарнама материал