• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Санавиация ұшағы Қостанай облысына қатты қозғалыспен қонды

Санавиация ұшағы Қостанай облысына қатты қозғалыспен қонды
Фото: Видео кадры

Бүгін қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықта, әуежай маңында, Қостанай - Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы қатты қозғалыспен қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Костанай облысының ТЖД өртсөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді. Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді", - делінген хабарламада.

ТЖД баспасөз қызметі жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ екенін айтты. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget