- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Санаңа берсін". Бұрынғы...
"Санаңа берсін". Бұрынғы әйелі ұрды деп айыптаған "Меломен" тобының әншісі жазба жариялады
"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі бұған дейін өнер иесін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айыптаған еді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында соққыға жығылғаннан кейінгі видеосын да жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Ғабит Бибасыұлы осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Сұхбат берейін десем керек емес, ұят болады, ол да қазақтың қызы обал болады деп ұстап отырғандары ай. Есін жиса түсінер, санаңа берсін. Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коучсымақтармен болады", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әншінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтінің видеосын жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz