Офтальмолог Эльвира Сюняева неге жазда күннен қорғайтын көзілдірік кию қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.
Маманның айтуынша, көзілдірік киюден бас тарту көз патологиясының даму қаупін арттырады.
"Егер күннен қорғайтын көзілдірік киюге мән бермесеңіз немесе сапасыз өнімді таңдасаңыз, ультракүлгін сәулелер біртіндеп көру органы құрылымдарында жиналып, бос радикалдардың көп мөлшерін түзеді. Нәтижесінде ақуыз қосылыстары мен рибонуклеин қышқылы бұзылып, көру өткірлігінің төмендеуіне және барлық патология түрлерінің дамуына әкеледі", - деді дәрігер.
Сюняеваның айтуынша, ультракүлгін сәулесінің агрессив әсерінен құрғақ көз синдромы, макулодистрофия (көздің тор қабығы зақымдануы және орталық көру қабылетінің нашарлауы), фотокреатит (қабыну процесі), птеригиум (конъюнктиваның мөлдір емес тіндерінің өсуі) қаупі және катаракта күшейеді.
Көру қабілетіңізді қорғау үшін ультракүлгін сәулеленуден қорғайтын күннен қорғайтын көзілдірік кию керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!