- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сән-салтанат салығы: байлығын...
Сән-салтанат салығы: байлығын жасырғысы келетін қазақстандықтар бақылауда болады
Бүгінде сән-салтанат салығы енгізу бойынша жұмыс тобы құрылған. Бірақ оның құрамында байлар жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасарі - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде жүздеген отырыс өткен.
"Жұмыс тобына байларды шақырып, ешкім (пікірін - еск.) сұрамады. Себебі мұнда мемлекеттік органдардың, бизнестің, "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері мен депутаттар және басқа да сарапшыларды шақырып, талқылау жүргіземіз. Ұлттық экономика министрлігінің жанында Экономикалық зерттеулер институты бар. Осы ұйымда барлық сұрақ талқыланып жатыр", - деді Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Шенеуніктің айтуынша, жаңа салық қазақстандықтардың бай болуға деген мотивациясына керіп әсерін тигізбейді.
"Байлық деген жаман мотивация емес. Әрбір адам, әрбір кәсіпкер бірінші кезекте жағдайын жақсартуға көңіл бөледі және сол бағытта жұмыс істейді. Дегенмен сіз (байлық салығы - еск.) дедіңіз. Бұл қазақшаға терминологиясы келіспейді. (Салық - еск.) кез келген байлыққа салынбайды. Орысша "роскошь", қазақша "асыра байлық" болады. Біз соны анықтауымыз керек. Бұған дейін ұлттық экономика министрі де, вице-министр де "Біз (салық салуды - еск.) асыра байлыққа қарастырамыз. Құны өте жоғары ұшақтар, яхталар және тағы басқа асыл заттарға (салық салу - еск.) қарастырылады" деген болатын. Олардың реестрі болады. Тек соларға жоғары салық салынады. Алайда мұнда (адамның бай болуға деген - еск.) мотивациясын жоғалтпау керек деп мәселе дұрыс көтеріліп отыр", - деді вице-премьер.
Министр байлығын жасырғысы келетін қазақстандықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.
"Кез келген кәсіпкер қандай да кезеңге келгенде, өзінің байлығын және асыра байлығын бір жаққа тығып, қандай бір (күмәнді - еск.) схемаларға бармауы керек. Біз мұны қарасырамыз. Қарапайым қазақстандықтардың салық жүктемесін көбейтпейміз", - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет басшысы Ұлттық банкке ескерту жасағаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстандық актерлар қанша ақша табады?
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz