Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен өзге де тұлғалардың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Massaget.kz.
"2026 жылғы 23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ басқарма мүшесі Қ. Омарбеков пен өзге де тұлғаларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", – делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырды делінген сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл бап аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ болып пара беруге қатысты. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін БАҚ-та компания басшыларының ұсталғаны туралы ақпарат тараған. "Қазатомөнеркәсіп" екі топ-менеджердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған еді. Ұлттық компания баспасөз қызметінің мәліметінше, олар коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожин және өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков болатын.
О. Сансызбай