Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Massaget.kz.
ҰҚК ақпаратынша, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Е. Отыншиевті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен басқа да тұлғалар ұсталған.
"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және "Заң мен тәртіп" қағидатын ұстана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр.
Бұған дейін "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметінде ұстау туралы ақпаратты растамаған еді, бірақ теріске де шығармаған болатын.
Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінен бері "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы лауазымын атқарады. Ал Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы қызметіне жақында, 2026 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын.