"Самұрық-Қазына" компаниясындағы басшылық қызметке үміткер 27 қызметкер өтірік детекторынан өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты.
Оның айтуынша, 2022 жылы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобындағы басшылық қызметке үміткерлерге психологиялық тексерулер мен полиграфтағы (өтірік детекторы) тестер енгізілген. Бұл сатып алу құзыреті бар менеджерлер қызметіне үміткерлерге қатысты.
2022 жылы "Самұрық-Қазына" тобының 52 компаниясыдағы 133 үміткер үшін өтірік детекторы тестінен өтті. 27 адам тексеруден өткен жоқ және жұмысқа қабылданған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!