Желіде Астанада "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Massaget.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
"Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі ұстау туралы ақпаратты растамады, бірақ теріске де шығармады. Компания уәкілетті органдардан ресми ақпарат алғанға дейін және оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанша жауап бермейтінін хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Жақыпов ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде. Tengrinews.kz редакциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.
"Самұрық-Қазына" – бұл еліміздің ірі стратегиялық кәсіпорындарын басқару және олардың тиімділігін арттыру үшін құрылған Қазақстанның мемлекеттік әл-ауқат қоры.
Ол азаматтардың мүддесі үшін ұлттық экономиканың негізгі активтеріне иелік ететін және оларды басқаратын холдинг рөлін атқарады.
Қор құрамына "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "Қазатомөнеркәсіп", "Эйр Астана", "Қазақтелеком" және KEGOC сияқты мұнай-газ, көлік, энергетика және телекоммуникация салаларының ірі компаниялары кіреді.
Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінде "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы болып тағайындалды.