“Самұрық-Энергоның“ топ-менеджері қайтыс болды

“Самұрық-Энергоның“ топ-менеджері қайтыс болды
Фото: Холдинг баспасөз қызметі

"Самұрық-Энерго" АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Руслан Тұрғанбаев мезгілсіз қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Руслан Тұрғанбаев энергетика және оған қатысты салаларда 25 жылдан астам еңбек етті. Алматы мен Түркістан облыстарының энергетика басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.

2022 жылғы қарашадан бері "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Компанияда Руслан Тұрғанбаевтың еліміздің электр энергетикасын дамытуға қосқан зор үлесі атап өтіліп, отбасы мен жақындарына көңіл айтылды.

Анықтама: "Самұрық-Энерго" - Қазақстандағы ең ірі энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Компания электр станцияларын, желілерді және көмір кәсіпорындарын басқарып, елдегі электр энергиясының 30 пайыздан астамын өндіреді. Холдинг құрамына "Екібастұз ГРЭС-1", "Екібастұз ГРЭС-2", "Алматы электр станциялары" және басқа да ірі активтер кіреді. Негізгі қызмет бағыттары - электр энергиясын өндіру, тарату және сату, сондай-ақ көмір өндіру.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget