“Самұрық-Энерго“ АҚ-дан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

“Самұрық-Энерго“ АҚ-дан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды
Фото: depositphotos.com

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңгеге тиімсіз шығын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, кейінгі 10 жылда "Самұрық-Энерго" АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған.

"Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады. Тоқтатылған жобаларға байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның тиімсіз шығыны 199 млрд теңге болды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 млрд теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заңбұзушылық көлемі 66 млн теңге болған. Одан бөлек:

  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 млрд теңге,
  • қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 млрд теңге болған.

Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget