- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Самсунг әлемдегі ең...
Самсунг әлемдегі ең үлкен дүкенін жапты
Смартфондарды өндіруде жетекші орынды алатын Samsung компаниясы соңғы кездері нарықтағы белсенділігін жоғалтып алды. Үшінші кварталдағы табысының 60%-ға төмендеуі бірқатар Samsung қызметкерінің жұмыстан шығуына да себепші болған.
Оңтүстіккорейлік алып Еуропаның ең үлкен сауда орталығы орналасқан Лондондағы Westfield Stratford City ауданындағы ресми дүкенін жапты. Бұған дүкеннің кіреберісіне ілінген орталықтың жабылуы туралы жазылған қағаз дәлел болады.
Лондондағы филиал Самсунг компаниясының әлемдегі ең үлкен дүкені болған екен. Бұл жерден компанияның барлық өнімі табылған. Сонымен қатар, жаңа өнімдер де ең бірінші болып осы дүкенде сатылымға шығатын болған.
Самсунгтің Лондондағы үлкен орталығы жабылғанымен, оның қаладағы өзге дүкендері жұмыс істеуін тоқтатпайды. Бірақ бұл компанияның алдағы уақытта жаңа дүкен ашпайтынын білдіреді. Тіпті компанияның келесі жылғы жоспарына енген Еуропада салынатын 60 ресми дүкені де қайта қарауға жіберілетін болыпты.
Сурет: hi-tech.mail.ru
Ж. Өрісбай