- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жарнамадағы "креатив"
“Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал“. Алматыда атышулы жарнама алынып тасталды

Алматы әкімдігі самса сататын дүңгіршектердің біріндегі атышулы жарнаманы алып тастады. Мұны әкімдіктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал", - делінген маңдайша жазуда.
"Сәлеметсіз бе! Мына маңдайша жазуды самса сататын жерден көрдім. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Оны алып тастау үшін қайда жүгінуге болатынын білмейсіз бе?" деп жазған Tengrinews.kz редакциясына хабарласқан оқырман.
Қалалық әкімдік мұны назарға алып, кейінірек бұл жазудың алынып тасталғанын хабарлады.
"27 қаңтарда Алатау ауданы әкімдігінің мамандары Шоған абыз көшесі, 406/1 мекенжайында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының көрнекі ақпаратына мониторинг жасады. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметкерлеріне реквизит пен көрнекі ақпарат тілі және тұтынушыларға қызмет көрсетуде тілді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және әдістемелік көмек көрсетілді. Нәтижесінде әдеби тіл нормаларына сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат алынып тасталды", - делінген мемлекеттік органның жауабында.
Айта кетейік, дәл осындай "креатив" жуырда Ақтаудағы көшелерде де көзге түскен еді.
Фото: Instagram/112_aktau
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес