Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» орналасқан Арнайы экономикалық аймақта «Мемтапсырыс-2017» акциясы аясында кеңес өтті. Оның жұмысына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев, 12 ұлттық компаниялар, соның ішінде «Air Astana», «КазМунайГаз» басшылары мен мегаполис нарығында қарқынды жұмыс істейтін 44 IT-компаниялардың өкілдері қатысты, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Биылғы жылы «Мемтапсырыс» акциясы 10-шы рет өтіп отыр, IT отандық компанияларға қолдау көрсету мақсатында жұмыстар жүруде. Сондықтан,жиын «ИТП» арнайы экономикалық аймағында өтуде, мұнда 145 компания жұмыс істейді, олар 95 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді. Акция алматылық кәсіпорындарға келер жылға тапсырыс алуға толық мүмкіндік береді», - деді Б.Байбек.
Ол өзінің сөзінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету қала әкімдігінің басты міндеттерінің бірі және оны жүзеге асыру жолында қаржылық және қаржылық емес механизмдердің ұтымды қолданылатындығын айтты. Мысалы, «Бизнестің Жол картасы -2020» бойынша биылдың өзінде ғана 276 жобаға 70 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Даму» қорымен бірге биыл екінші жыл «Жібек жолы» бағдарламасы жүзеге асуда. Нәтижесінде 100-ге жуық жоба қолдау тауып, мыңдаған жұмыс орны ашылды. Туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі салаларында жаңа бағдарламалар өмірге келді.
«Алматы «Ақылды қала» концепциясына қарай бағыт алуда және ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Қалада 38 ЖОО шоғырланған, бұлардың базасында 10 ғылыми- зерттеу зертханалары, сегіз даму институттары, 10 ғылыми орталықтар мен үш технопарк құрылған. Концепция халықаралық IDC компаниясы мен ҚБТУ арқылы жасалуда, бұдан соң транспорт, ТКШ, қауіпсіздік және басқалары бойынша жобаларды жүзеге асыратындар іске кіріседі. Бұдан өзге, өндіріс саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қазүлесті қамтамасыхз ететін Кешенді жоспар да қолға алынған. Нәтижесінде 2016 жылы Алматыда қазақстандық үлес 2,3 есе артып, 64% құрады. Қор мен қала кәсіпорындары арасында 631 млрд. теңгенің келісімі жасалды», - деді Б.Байбек.
«Самрұқ -Қазына»ӘАҚ» АҚ-ның төрағасы Өмірзақ Шүкеев Алматының еліміз үшін стратегиялық мәні бар қала әрі Қор тапсырыстарын жергілікті кәсіпорындарды қолдау арқылы жүзеге асыру маңызды екенін жеткізді.
«Жалпы, биылғы жылдың 11 айы ішінде Қордың мемлекеттік тапсырыстарының көлемі 3,8 трлн. теңгеге жетті, оның 73%-ы отандық сипат. Қазір Қорда жаңа технологиялар мен инновацияны қажет ететін трансформация жүріп жатыр. Сондықтан АЭА-тың «ИТП»-де жұмыс істейтін компани яларға ерекше назар аударылуда. Мысалы, бизнес процесстерін трансформациялау арқылы жер үсті инфрақұрылымдарын оңтайландырып, мұнай өндіруді 30%-ға арттыруға болады», - деді Ө. Шүкеев.
Жиынға қатысқандар 22 компанияның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша жүзеге асырған істеріне қатысты ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
«ИТП»-нің АЭА-нің екінші кезегінде жаңа нысандар бой көтерген, олар: «KBTU Drilling Centre» мен «Қазақ теңіз академиясы» сынды оқу орындарының оқу-жаттығу және заманауи орталықтары. Бұлардың барлығы жоғарытехнологиля қондырғылармен жабдықталған. Мұндай қондырғылар тек АҚШ, Италия, Норвегияда қолданылады.
«Қазақ теңіз академиясы» орталығы ТМД елдерінде мүлдем жоқ. Бұрныдары Қазақ теңіз академиясының кадеттері тәжірибеден тек Роттердамда өтетін, ал қазір Алматының өзінде шеберліктерін шыңдауда. Теңіз академиясын кеңейту мамандар қатарын 2 есе ұлғайтып, олардың шетелде білім алуын қажетсінбейді, 2025 жылы кемелер қазақстандық кадрлармен толық қамтамасыз етіледі.
Шара барысында Қордың еншілес компаниялары мен алматылық кәсіпорындар арасында бірігіп жұмыс істеуге қатысты келісімдерге қол қойылды, олардың құны 5 млрд. теңгені құрайды.